«Еңбек адамы» байқауына қатысыңыз

514
Зауытта бүгінгі күні 300-ден аса жұмысшы істейді

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жас мамандар арасында өтетін «Еңбек адамы» байқауына қатысуға шақырады. Байқауды ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен  «Қазақстан ауыл жастары және еңбеккерлері» қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Сайыс 6 номинация бойынша өтеді. Металургия, тау-кен, мұнай-газ, құрылыс, көлік жасау, көлік жүйесі сияқты салада еңбек ететін қарапайым жұмысшы жастар өзара бәсекеге түспек. Талап бойынша қатысушы өзі жұмыс істейтін жұмыс орны туралы, жеткен жетістіктері мен мамандығының қыр-сыры жайында бейнебаян дайындауы тиіс.

Жеңімпаздар қыркүйек айының соңында анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.