Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған адам ұсталды. Бұл заңбұзушылықты жол-патрульдік полициясының қызметкерлері анықтап отыр.
Түн ішінде тәртіп сақшылары «ВАЗ -2106» автокөлігін тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның жүргізуші куәлігі жоқ болып шыққан. Сол үшін жас жігіттің үстінен хаттама толтырылып, тексеру біткенше көлігі ақылы айып тұрғанына жеткізілуі тиіс.
Алайда көліктің ішінде отырған екі әйел бұған қарсылық көрсетіп, көліктен түспей қояды. Жүргізушінің өзі де алғашында көлігінің кілтін бергісі келмейді.
Дегенмен, бұл әрекеті үшін, яғни, тәртіп сақшыларының нұсқауына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естіген жігіт, амалы жоғынан келіседі. Сөйтіп, Жигулиді полиция қызметкері айдап отырып, ақылы айып тұрағына апарып тастайды. Қазіргі кезде тексеру амалдары жалғасуда.