Көпшілік Әбілда Аймақты еске алды

1038
аға буын қаламгерлер Ә,Аймақтың өміріінен ескеліктер айтты

«Жоғалмайсың, жоқтаушы халқың барда!» Облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақын, облыстық жазушылар одағының төрағасы болған, халықаралық «Физули» сыйлығының иегері Әбілді Аймақты еске алу кеші өтті. Өмірден өтер шағында ақынның өзі негізін қалаушылардың бірі болған «Темірқазық» түнгі кітапханасында қаламгердің жырлары дәріптелді.

аға буын қаламгерлер Ә,Аймақтың өміріінен ескеліктер айтты
Аға буын марқұм ақынның өмірінен ескеліктер айтты

Әдеби кеш Әбілда Аймақтың рухына Құран аяттарын бағыштаудан басталды. Өмірі өлеңге айналған Әбілданы еске алған аға буын жастарға естеліктер айтты. Ал жас қаламгерлер ақынға жоқтау өлеңдерін арнады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JBNc-VQK9Ro[/youtube]

Мөлдір Қыстаубаева, жас ақын: «Ақынды ең соңғы рет 60 жылдық мерейтойында көрдік, ол кезде Әбілда аға көптеген жырларын бізге оқып берген. Қазір қарап отырсам, ақын сол кезде бізге өлеңмен жазылған сырын айтып берген екен. Сол дүниелердің бырлығын ескере отырып, бүгін жырымды оқып бердім.  Әрине, бүгінде арамызда болмағаны өкінішті. Ақын өлеңдерінің өзгелерден ерекшелігі сол — өмір шындығын шығармаларында бүкпесіз айта білді.»

Жас ақындар арнау өлеңдерін оқыды
Жас ақындар арнау өлеңдерін оқыды

Ақынның жанын ұғып, әрдайым жанынан табылғандар да осында. Олар жастар үшін Әбілда Аймақтың талғамы биік шығармашылығы мен өмір жолын айтып отыр. Бәрінен бұрын кеш қонақтары ақынның өмірден өтер шағында «Темірқазық» түнгі кітапхана клубның негізін қалағанын мақтана жеткізді. Енді оқырман ақынның жырларымен осы клубқа келіп таныса алады.

Сабырбек Нұрманұлы, Жазушылар одағының ОҚОФ директорының орынбасары: «Енді ғана, жаңа қадам басқан «Темірқазақты» Әбілда Аймақтың өзі қалап, өзі жиындарға бастамашы болды. Сондықтан бұл ұйым ақынның жырларын оқып, соны дәріптейтін орта болуы да дұрыс. «Темірқазықтан» ақынның жырларын көреміз, оның мәңгі жасайтынын ұйым алдағы күндері дәлелдеуі керек.»

Ә.Аймақтың өмірінен кітапкөрме
Ә.Аймақтың өмірінен кітапкөрме

Темірқазық түнгі клубының жастары «Өмірім менің — поэма» атты ақынның кітапкөрмесін де көпшілік назарына ұсынды. Айта кетейік, клубтың белсенділері мен облыстық жазушылар одағының қаламгерлері ақынның жүз күндігіне арнап, ауқымы кең әдеби кеш өткізуді және оның жыр жинақтарын басып шығаруды жоспарлап отыр.