Мүлікті жариялау комиссиясы жұмысын бастады

293

Бүгін белгілі болғандай, бұған дейін қала әкімшілігінің ғимаратында ғана жұмыс істейтін мүлікті жария ету комиссиясы енді Шымкенттегі үш ауданда да құрылды. Бұл комиссия қаржыны жариялай алмайды, тек мүлікті жария етуге құжат қабылдайды.

001

Қабылданған құжаттарды тәуелсіз сарапшылар тексеріп, қорытынды жасайды. Тұрғындар бұл комиссиядан мүлікті жария ету турасында кеңес алуға болады. Сондай-ақ, жеріңіздің және үйіңіздің құжаттарын тексерте аласыз.

Әзірге Еңбекші және Абай ауданында құрылған комиссияға ешкім құжат тапсырмапты. Мамандар тек түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, мүлікті жария ету шарасы 2015 жылдың соңына дейін жалғасады.

[youtube]http://youtu.be/SMsJipPwDd4[/youtube]