Медицина ғылымының докторы: «Дәрігерлерге деген сенімді арттыру керек»

365
Иманәлі Оспанұлы

Шымкентте үздік дәрігерлер қызмет етеді. Бұл жөнінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент қаласының құрметті азаматы Иманәлі Байдәулетов жастармен өткен жиында айтты. Иманәлі Оспанұлы қаламыздағы ақ халатты жас мамандар да жұмыстарына үлкен жауапкершілік танытып, әрбір науқастың өмірі үшін арпалысатынын жеткізді. Сондықтан дәрігерге деген сенімді арттыру қажет дейді профессор.

Иманәлі Оспанұлы
Иманәлі Оспанұлы дәрігерлерге деген қысымды тоқтату қажет деп отыр

Ал жоғарғы оқу орнының студенттері кеш кейіпкеріне сауалдар қойып, өміржолымен танысты. Еңбек жолындағы жетістіктерге жету құпиясымен жастар дәл осы басқосуа біліп қайтты.

Кездесуге 1000-ға жуық студент жиналды
Кездесуге студенттер көп жиналды

570
Иманәлі Байдәулетов, медицина ғылымдарының докторы, профессор: «Қазір Қазақстанда бес жарым мың дәрігер жетіспейді. Егер дәрігерлерге деген заңды қатайтып, оларды түрмеге отырғыза бастаса, онда бізде дәрігерлер мүлдем болмайды. Болмаса мынау Ресеймен шекаралас облыстар бар ғой, сол жерге барған қазақтың балалары, сондағы емхана мен ауруханаларда жұмыс істейді. Ал бергі жағында халық өліп қалса да оған ешкім қарамайды, жағдайды одан бетер ушықтырып аламыз. Сондықтан халық пен біздің арамызда келісім болуы керек.»