«Мемлекеттік тіл — менің тілім!»

421

«Мемлекеттік тіл — менің тілім!» Осындай атаумен Шымкентте республикалық қазақ тілін меңгерген этнос жастарының форумы өтті. Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен қазақша еркін сөйлейтін мемлекеттік қызметшілер қатысып, мемлекеттік тілді дамытуға өзекті мәселелерді ортаға салды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zKJPm_ui8dE[/youtube]

000Бұл шара аясында форум қатысушылары барша қазақстандықтарды қазақ тілінде сөйлеуге шақырып, үндеу қабылдады. Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету мақсатында ұйымдастырылған жиында қазақ тілінің дамуына үлес қосқан жастар арнайы марапатталды. Өскелең ұрпақты отансүйгіштіке үгіттеген мерекелі шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.