Шымкентке 15-қыркүйек күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев іс-сапармен келеді деп жоспарланыпты. Осыған орай облыс орталығындағы құрылыс жүріп жатқан нысандарда жұмыс одан сайын қыза түскен. Тіпті шаруа күні-түні екі ауысыммен өрбіп жатыр. Учаске басшыларының айтуынша, жаңа нысандар мерзімінен бұрын ашылып, пайдалануға берілуі мүмкін.