Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры өзінің жаңа, отыз екінші маусымының шымылдығын түрді. Ұжым маусымашарда қазақтың «Алтын балық» ертегісін сахналып, балаларға базарлық жасады. 35 минуттық қойылым екі бөлімнен тұрады.
Қойылымның авторы әрі қоюшы режиссері Мақпал Малдыбаева болса, музыкамен көркемдеген — Амангелді Апеков.
Алдағы уақытта кішкентай көрермендерін жаңа 6 премьерамен қуантатын әртістер жақын күндері Әбдібай Табылдының «Бәрекелді, кірпі!» атты спектаклін көрермен назарына ұсынбақ. Алайда біздің тосын сыйымыз мұнымен тоқтамайды дейді театр басшылығы.
Сонымен қатар қойылым соңында театр ұжымы тұрақты кішкентай көрермендерін арнайы құттықтап, ынталандыру сыйлықтар ұсынды.