Облыстық қуыршақ театры жаңа маусымын ашты

Оқушылар спектакльді тамашалауда

Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры өзінің жаңа, отыз екінші маусымының шымылдығын түрді. Ұжым маусымашарда қазақтың «Алтын балық» ертегісін сахналып, балаларға базарлық жасады. 35 минуттық қойылым екі бөлімнен тұрады.

Оқушылар спектакльді тамашалауда
Оқушылар спектакльді тамашалауда

Қойылымның авторы әрі қоюшы режиссері Мақпал Малдыбаева болса, музыкамен көркемдеген — Амангелді Апеков.

Бүлдіршіндер сүйікті достарымен көрісуде
Бүлдіршіндер сүйікті достарымен кездесуде

Алдағы уақытта кішкентай көрермендерін жаңа 6 премьерамен қуантатын әртістер жақын күндері Әбдібай Табылдының «Бәрекелді, кірпі!» атты спектаклін көрермен назарына ұсынбақ. Алайда біздің тосын сыйымыз мұнымен тоқтамайды дейді театр басшылығы.

Оқушылар ертегілерге қатысты сұрақтарға жауап беруде
Оқушылар ертегілерге қатысты викториналық сұрақтарға жауап беруде

Сонымен қатар қойылым соңында театр ұжымы тұрақты кішкентай көрермендерін арнайы құттықтап, ынталандыру сыйлықтар ұсынды.

Куыршак театрының тұрақты көрремендеріне сыйлық үлестіруде
Театрдың тұрақты көрремендеріне сыйлық үлестірілуде