Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері арасында «Ұлтым басқа – тілім қазақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Ауқымды іс-шара департаменттің ауласында ұйымдастырылды.

005

Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараға аудандық, қалалық ішкі істер басқармаларының, түрлі бөлім қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Әр ауданнан келген командаларға Қазақстандағы ұлттардың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, өнерлерін сипаттауына байланысты баға берілді.

004

Байқауға қатысқан тәртіп сақшыларының қабілеті мен шеберлігін, өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы сараптап, бағалады.

003

Сонымен, мерекелік шарада бас жүлдені облыстық ішкі істер департаменті Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жеңіп алса, бірінші орынды Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының командасы алды.

001

Екінші орынға Қазығұрт және Төле би ауданының полиция қызметкерлері қол жеткізсе, үштікті Түлкібас және Арыс аудандарынан келген тәртіп сақшылары қорытындылады.

002

Көзге түскен барлық командалар бағалы сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

006