Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері арасында «Ұлтым басқа — тілім қазақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Ауқымды іс-шара департаменттің ауласында ұйымдастырылды.
Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шараға аудандық, қалалық ішкі істер басқармаларының, түрлі бөлім қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Әр ауданнан келген командаларға Қазақстандағы ұлттардың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, өнерлерін сипаттауына байланысты баға берілді.
Байқауға қатысқан тәртіп сақшыларының қабілеті мен шеберлігін, өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы сараптап, бағалады.
Сонымен, мерекелік шарада бас жүлдені облыстық ішкі істер департаменті Сайрам аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жеңіп алса, бірінші орынды Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының командасы алды.
Екінші орынға Қазығұрт және Төле би ауданының полиция қызметкерлері қол жеткізсе, үштікті Түлкібас және Арыс аудандарынан келген тәртіп сақшылары қорытындылады.
Көзге түскен барлық командалар бағалы сыйлықтармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.