Биыл Шымкенттік 7 мыңнан астам оқушы білім беру қорынан тегін тамақтанатын болады. Көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын тамақтандыруға қала бюджетінен 94 миллион теңге бөлінген. Өткен жылы 5 мың 900 оқушы осындай мүмкіндікке қол жеткізген.

002

Биыл бір оқушының тамағының бағасы 147 теңге 30 тиынды құрайды. Өткен жылы да осы баға болатын. Қазір қаладағы 125 мектептің 93-інде асхана бар, ал 27-сінде буфет жұмыс істейді. Алайда 5 мектепте оның біреуі де жоқ. Тиісті қаржы қолдауды қажет ететін балалардың ата-анасының есеп-шотына аударылады. Сала мамандары бұл мектептер қала аумағына қосылған аудандардан екенін айтады.

[youtube]http://youtu.be/-ppW-bEk40M[/youtube]

Биыл мектеп асханаларын жалға беру жаңа ережеге сай өтті. Үкіметтің № 172 қаулысына байланысты конкурстың электронды түрі өзгертілді. Шымкент қаласында кәсіпкерлердің қызығушылығын танытпаған 11 асхана бар. Ал өзгелері балғындарды тамақтандыруға кірісіп кеткен.

[youtube]http://youtu.be/25w6JaXbNwU[/youtube]

Бүгінгі таңда қалалық білім бөлімі үш ауданан қосылған мектептердегі асханаларды қажетті құралдармен жабдықтауға кіріскен. Демек бұл білім ошағы оқушыларының да сапалы тамақ ішетін уақыты алыс емес.