Шымкентте мүлікті заңдастыру басталды

282
ақшаны заңдастыруға болады
ақшаны заңдастыруға болады
Ақшаны да заңдастыруға болады

Шымкентте мүлікті заңдастыру комиссиясы өз жұмысын бастады. Екі күн ішінде оның көмегіне жүзден астам тұрғын жүгінген. Сонымен, құжаттарды қалай рәсімдеуге болады, қандай мүлік заңдастыруға жатады?

Комиссия құжаттарды келер жылдың аяғына дейін қабылдайды. Бұл науқан елімізде 1,5 жылға созылмақ. Азаматтардың ақшасы, құнды қағаздары, жарғылық капиталға қатысу үлесі мен құрылыс нормаларына сай келетін нысандар заңдастырылмақ.

Сот тәртібінде немесе заңды түрде дауға түсіп жатқан мүлік жария етуге жатпайды. Несие ретінде алынған ақша мен мемлекет мұқтаждығы үшін тапсырылатын мүлік те заңдастырылмайды. Әділет органдарынан құралған комиссия мүшелері мүліктерді жариялаудың заңдылығы жан-жақты тексеріледі дейді.

Азаматтардың шетелдерде сақтаулы жатқан қаражатын заңдастыруды екінші деңгейлі банктер іске асырады. Айта кетейік, заңдастырылатын қаржы табыс болып саналмайды. Сондықтан, шара аясында заңдастырылған қаражат салықтан босатылады.

Заңдастыру науқанын біздің ел бұған дейін де бастан өткерген. Алайда, жауаптылар мүлікті жария етуде бұрыңғы олқылықтарға жол жоқ, заңдастыруды озық жүйемен сауатты түрде жүргіземіз деп отыр.