Оңтүстікте енді судың да бағасы қымбаттауы да мүмкін. Бұл туралы қоғамдық тыңдауда су таратушы мамандардың өдері айтты. Облыстық жасөспірімдер орталығында сумен қамту қызметі үшін 2015-2019 жылдарға тарифт талқыланды. Жауаптылар тарифті көтеруге жыл басында теңгенің құнсыздануы салдарынан су құрылғыларының қымбаттауы себеп дейді.
Шымкент халқын ауызсумен қамтып, кәріз жүйесінің жұмысын реттеп отырған мекеменің басшысы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, келешекте қолға алынатын іс-шаралармен бөлісті. Қоғамдық тыңдауға дайындаған баяндамасының соңында маман ұсынып отырған тарифке тоқталды.
[youtube]http://youtu.be/caRPB51XKGY[/youtube]
Дегенмен, су бағасын көтеру жөнінде ұсыныспен қатар көпқабатты үйлердегі тозығы жеткен су және кәріз жүйелерін алмастыру тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ. Оған қоса жарыссөзге қатысқан тұрғындардың бірі су таратушы мамандарға алғысын айтып жатса, кейбірі қордаланған мәселелерді жасырмады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WmFIH9OQJow[/youtube]
Қоғамдық тыңдауда тарифтен өзге тақырыпқа ауытқымау жөнінде ұсыныс та жасалды. Баяндамаға қатысты сын да айтылды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=1q-JXU5MEsg[/youtube]
Естеріңізге сала кетсек, жеке тұлғалар үшін судың бағасы жылдың басында 10 пайызға көтерілген болатын. Келесі жылдан бастап 3 текше метрге дейін суды пайдалану, яғни, әр адамға 40 теңге 13 тиын деп белгіленген тариф қолданыстан шығарылады. Егер су таратушылар ұсынып отырған баға қараша айында бектілсе, 2015 жылы су бағасы 14,3 пайызға көтеріліп, тіршілік нәрінің бір текше метрін 53 теңге 48 тиынға сатып алатын боламыз. Ал 2016 жылдан бастап 2019 жыл аралығында тарифтің өсімі 12 пайызды құрайды. Дегенмен, бұл әзірге тек жоба.