Шымкентте жолақы қымбаттауы мүмкін

224
Сурет ғаламтордан алынды

Шымкентте жолақысы қымбаттауы мүмкін. Мұның себебі — жолаушылар тасымалдау барысында күрделіліктер көп. Сала мамандары осылай дейді.

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Осыдан бірер сағат бұрын  «Южавтотранспорт»  қауымдастығы, көлік компанияларының  басшылары жиналып, өздерін қинап жүрген мәселелермен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері хабардар етті.

Айтуларынша, Жыл басындағы теңгенің құнсыздануы, қыркүйек айынан бастап жанар-жағармай бағасының қымбаттауы бұл мекемелерді шығынға батырып отыр. Оған қоса Шымкент қаласының аумағына 3 ауданнан қосылған елдімекендерге жолаушыларды тасымалдау да көлікшілерді тығырыққа тірепті. Олар жиында  Астана, Алматы, Өскемендегі жолкіре қымбаттағанын еске алды. Соңында баға шарықтай берсе, біздегі қоғамдық көліктегі жолақының  да көтерілетінін сала мамандары жасырған жоқ.

[youtube]http://youtu.be/7_cgJsf8ZPY[/youtube]