Шымкенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінен ірі кесіртке табылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандардың мәліметіне сүйенсек, Шымкенттегі «Самал — 3» шағынауданының тұрғыны жедел-құтқару тобына хабарласып, көмек сұрайды. Айтуынша, үйіне алып кесіртке кіріп кеткен екен. Құтқарушылар тез арада көрсетілген мекенжайға келеді. Анық болғаны, шақырусыз келген «қонақтың» ұзындығы бір метрден асады. Бауырымен жорғалаушының түрі сұсты болғаны аздай, өзі ысылдап, сес көрсеткен. Мұндай алып кесірткені бұрын-соңды үй ауласынан кездестірмеген құтқарушылар жарты сағатқа жуық уақыт дегенде кесірткені арнайы құралмен әрең ұстап алды. Содан кейін Шымкент зообағына тапсырған. Құдай сақтағанда адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
[youtube]http://youtu.be/iEKpL2rx6wY[/youtube]