Шымкетте жәрмеңке қайта басталды

420

Әр сенбі күні Әл Фараби алаңында өтетін азық-түлік жәрмеңкесі қайта басталды. Бұл жәрмеңке арзандатылған бағада азық-түлікпен қарапайым халықты қуантып-ақ келген. Әдеттегідей жайылған жаймалардан жаныңызға керектің барлығын табасыз. Бірақ, бағасы бұрыңғыдай емес. Қымбатырақ. Бұл — сатып алушы қарапайым халықтың пікірі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VzqrfPlQ0zE[/youtube]

Әнипа Тұрсынбекова, қала тұрғыны:»Жәрмеңке деп шақырған соң, қарапайым халықтың қалтасын қақпауы керек қой? Ал біздің жәрмеңкенің бағасы базардан қымбат. Бір ғана мысал, жұмыртқаның 10 данасын базарда 200-220 теңгеден аласың, ал жәрмеңкеге алып келгендер оны 230-дан бастап сатады. Бұл не сонда? Көзбояушылық па?»

Мұндай келеңсіздікті сатушылар да мойындайды. Айтуларынша, баға бензин бағасы шарықтағалы бері өсіп кеткен. Күлше мен кәмпит бағасы 10 пайызға көтеріліпті. Алдағы уақытта баға тағы өсетін көрінеді.

Бұл жолы ұйымдастырылған жәрмеңкеде ет өнімдерінің сөресі жоқ. Оларды сатуға тыйым салыныпты. Алайда, халық бұл өзгеріспен келіспейді. Ет, сүт өнімдері үшін арнайы келгендер көп болды.

Жәрмеңкенің қайта жанданғаны жөн-ақ. Алдағы уақытта жәрмеңкенің қатары тек азық-түлікпен ғана емес, көкөністерге толса деген халықтың тілегі бар. Оның бағасы қалта көтерерлік болса, тіптен жақсы дейді жәрмеңкеге қатысушылар.