Гүлназ Ахметжанова – Шымкенттегі №6 колледждің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 2-курс студенті. Аспаз боламын деп бала кезден алдына мақсат қойған. Қаладағы №74 орта мектептің 9-сыныбын аяқтаған соң білімін аталған колледжде жалғастырады. «Он саусағынан бал тамған» дейтін сөз тіркесі Гүлназға қаратылып айтылғандай. Өйткені оның қолынан шыққан әрбір тағамның дәмі тіл үйіреді. Бүгін жас аспаз бізге «Түймедақ» самсасын жасаудың құпияларымен бөліседі.

39-009

Құрамы: 

қамыр үшін: 4 стақан ұн, 2 дана жұмыртқа, 1 стақан жылы су, 100 гр сары май, 0,5 шай қасық тұз.

Салма үшін: тартылған ет (фарш), пияз, тұз, қара бұрыш, дәмдеуіш.

 

Дайындалу жолы: 

39-008

 

Үлкен ыдысқа жылы су құйып, жұмыртқа, тұз, сары май қосып, жақсылап араластырамыз. Араластыра отырып үстіне аздап ұнды елеп қосамыз. Қолға жабыспайтындай етіп қамыр илейміз де, оны бірнеше бөліктерге бөлеміз. Домалақтап, жылы жерге (5-10 минут) бетін жауып қоямыз.

39-007

39-006

Бұл уақыт аралығында салманы дайындап қоямыз. 200 грамм пиязға, жүз грамм тартылған ет саламыз. 50 грамм пісте май құямыз. Сосын жарты қасық тұз, жарты қасық қара бұрыш араластырамыз.

39-005

39-004

Қамыр дайын болған соң 40 грамнан бөліп алып, бетіне кішкене ұн сеуіп, жаямыз. Қамырдың шеті жұқа, ортасы қалың болуы керек.

39-002

Жайған қамырға 40 грамм тартылған ет салып, гүлдің пішініне келтіреміз.

39-003

Оның бетіне жұмыртқа жағып, ақ күнжіт себеміз.

185 градуста қызып тұрған пеште 20 минут пісіреміз.

39-001

Самса дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Айтпақшы…

Самсаны дайындау әдісінің бейнематериалын toqtama.kz сайтынан көруге болады.

Әйгерім Бегімбет

Суреттерді автордікі

«Оңтүстік Рабат», №39, 24.09.2014