Түркістанда сарқын су тазалайтын станция ашылды

814

157 мың халқы бар Түркістан қаласы жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатыр. Жуырда мұнда сарқынды су тазартқыш станциясы бой көтерді. Бұған дейін далаға ағып келген кәріз суынан жаз айларында маңайдағы халық тұншығып, түрлі дертке себепкер болған. Сондықтан бұл маңызды жобаға республикалық бюджеттен қаржы қаралыпты. Құрылысы 2010 жылы басталған ғимараттың төрт жылда төрт тағаны тіктеліп, қазірде қаланың сарқынды су жүйесіне қосылуда.

tur-6
Сейілбек Дайрабай, «Түркістан су» МКК директоры: «Қазір 125 шақырымдай магистраль осында салынды. Соның бойымен су осында ағып келіп, осында үш деңгейлі тазартудан өтеді. Механикалық, биологиялық және химиялық. Тазарған су осыдан 12 шақырым жердегі 190 гектар аумақты алып жатқан полифильтрацияға жіберіледі. Бұл жұмыс лас суды 70 пайыздай тазалайды.»

tur-5
Шаһардың кәріз суын станцияға жеткізу үшін Түркістанда 17 су сорғыш бекет тұрғызылған. Ал тазаланған тіршілік нәрін қаладан 20 шақырымдай жерде сақтап, мақта, жүгері секілді техникалық дақылдарды суаруға пайдаланбақ. Мұнда техникалық судың құрамы қос зертханада бақыланады.

tur-4

tur-3
Ардақ Тасыбекова, инженер-химик: «Баглабороторияда біз микроорганизмдердің өсіп жетілуін, қалай өсіп жатқанын, көбеюін, түр-түсінің өзгеруін анықтаймыз. Ал химлобороторияда сарқынды судың нитратиондардың химиялық анализдерін жасаймыз.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yAHzbFitITQ[/youtube]

Қалада сонау 1970 жылдары кәріз суын өңдейтін орталық болған. Алайда, ол Түркістанның 15 пайызын ғана қамтамасыз еткен екен. Ал 60 жуық азамат қызмет ететін шетелдік заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталған мына жаңа станцияның қауқары анағұрлым күшті.

tur-7

tur-8

tur-1

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі: «1970 жылдары салынған сарқын су өңдейтін ғимараттың сол кездегі мүмкіндігі тәулігіне 5 мың текше болса, қазіргі салынғаны — 20 мың текше. Сол кезде ол жалпы қаланың 15 пайызын ғана қамтамасыз еткен болса, қазір 100 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.»

tur-2

Амантай Керімбеков, Түркістан қаласының тұрғыны: «Мына сарқынды су деген бұрын үлкен мәселе еді. Әр жерде осы жаңағы сорғылары бар, иісі алып кеткен. Мінекей, енді Қазақстанда баламасы жоқ сарқынды су тазалайтын мекемені орналастырып жатыр. Бұған да рахмет!»

Сонымен қатар қала басшылығы бұған дейін шайынды суды ауладағы шұңқырларға төгіп келген жер үйлерді де сарқынды су жүйесіне қосуды көздеп отыр. Осы мақсатта шаһарда шақырымдарға созылған кәріз жүйесі тартылмақ.