Тап қазір Түркістандағы 7 мың гектар егін алқабы сусап тұр. Соңғы жылдары ағын судан таршылық көргендіктен, биыл егін салғандардың қарасы аз. Есіл еңбегіміз еш кетті деп, есебін түгелдей алмай, еңсесі түсіп отыр.
Түркістандықтар, негізінен, Ордабасы ауданы аумағындағы «Бөген» су қоймасына тәуелді. Түркістан-Арыс каналында соңғы рет тамыздың бірі күні су болғанын екен. Жергілікті жұрттың судың құлағында отырғандарға өкпесі қара қазандай.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TEkq7ILbqoc[/youtube]
Ал суға жауаптылар болса, сыйымдылығы 370 миллион текше метр «Бөген» су қоймасына жиналған судың тап тамыз айында тапшы болуы заңдылық дейді. Өйткені бұл қоймадан ордабасылықтар да ағын су алып отыр. Алдағы екі-үш жылда құны 11 миллиард теңгеге жаңадан қос бірдей су қоймасын салу жоспарланып отыр. Жауаптылар қоймаларды пайдалану берсек, дихандарды да сұға қарқ қылар едік дейді.