Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда салынып бітуге таяған нысандар көбейіп келеді. Жақында облыс әкімі Асқар Мырзахметов және тиісті басқарма басшылары, жауапты мамандар «Түркістан» сарайы мен драма театрының ғимараттарын аралап көрді.
Жауапты мамандар мұндағы ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарының барысы қатаң қадағалауда деп сендірді. Құрылысты жүргізген компания өкілдерінен өндірістік кестені қатаң сақтау талап етіліп отыр. Бұл екі нысан да мәдени-көпшілік орын болып табылады. Сондықтан сәулеті мен келбеті көркем, салтанаты айшықты болып тұруы керек.
Облыс әкімі Асқар Мырзаметов тиісті сала басшыларының басын қосып, жиын өткізді. Өңір басшысы, сондай-ақ, қазынадан 400 миллион теңге жұмсалаған жаңа тарихи-өлкетану мұражайы мен әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлер орталығында, ғылыми-зерттеулер жүргізуге лайық деп басымдық беріліп отырған денросаябақта болды. Асқар Исабекұлы бірінші кезекте атқарылуы тиіс мәселелерге назар аударып, олардың дер кезінде орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.