Құрбылардың дауы қылмыстық іске ұласты

261
Бейнебақылау камерасындағы жазба

Шымкентте екі құрбының арасындағы келіспеушіліктің соңы қылмыстық іске ұласты. Бұл істі прокурорлар анықтап отыр.

Бейнебақылау камерасындағы жазба
Бейнебақылау камерасындағы жазба

Шымкент тұрғыны Зулмухар Сыдықоваға қымбат әшекей затты ұрлады деген күдік тағылады. Бұл жайында полицейлерге оның құрбысы шағымданыпты. Тәртіп сақшылары Зулмухардың үстінен қылмысты іс қозғалып, бірер сағат уақытша тергеу абақтысына қамалады.

Зулмухар Садықова: «Мен ұрлық жасағын жоқпын деп қанша айтқанмен, мені тыңдаған жоқ. Абақтыда мені түнгі саған 12-ге дейін қамап қойды. Бір полиция қызметкері маған, ең жақсысы, істі мойындаған дұрыс деді. Әйтпесе, мені екі айға қамап қояды екен. Мен келістім.»

Прокурорлардың анықтағаны мынау болды: Қымбат әшекей затты ломбардқа өткізіп, көлігін сатып алу үшін Зулмухарға құрбысы қарызға берген екен. Келесі күні құрбылар ұрсып қалады да бірі екіншісін ұрлық жасады деп айыптайды. Прокурорлар араласпағанда бұл оқиға Зулмухардың бір жылға қамалуымен аяқталар еді. Іс Әл Фараби аудандық прокурорларға түсіп, олар тергеу жұмыстарын жүргізеді.

Мақсат Балқыбеков: Әл Фараби аудандық прокурорының көмекшісі: «Біз күдікті Зулмухар Сыдықованың кінәсіздігін дәлелдейтін айғақ таптық. Ол – екі әйел бірге барып, алтынды ломбардқа өткізген сәттің бейнежазбасы. Сол күні күдіктінің жанында кейіннен оны айыптаған әйел болған. Осы жазбаның көмегімен біз әділдікті орнаттық.»

Бейнежазбада Зулмухар Сыдықованың жанында тұрған әйелдің кейіннен оны айыптаған келіншек екені анықталды. Нәтижесінде жалған ақпарат бергені үшін ол келіншекке 185 мың теңге айыппұл кесілді.