Биыл жыл басынан бері Шымкеттің үш жарым мыңнан астам, дәлірек айтқанла 3785 тұрғынын ит қауып алған. Дегенмен, дәрігерлердің берген мәліметіне сай, солардың 10 пайызы ғана қаңғыбас иттерден зардап шеккен. Адамға атылған иттердің басым бөлігінің иелері бар.

001

Қалада ит-мысық аулаумен айналысатын 6 бригада бар. Олар күніне 100-150 қаңғыбас иттің көзін жояды. Биылғы бюджеттен осы мақсатқа 31 миллион теңге қаралған. Енді қала аумағының ұлғайуына байланысты тағы да 6 миллион теңге бөлінбек.

Қала әкімдігінде арнайы баспасөз мәслихатын өткізген ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандары қала тұрғындары аулаларындағы үй жануарларын ережеге сай ұстаса деген өтініштерін жеткізді. Себебі қалада қаңғыған иттерден гөрі қорадағылардан қауіп көп. Шаһарда ит тістеу фактісі өткен жылдармен салыстырғанда 14 пайызға кеміген. Соған қарамастан келеңсіз жәйттер әлі де жиі орын алып жатыр. Солардың бірі – Николай есімді азаматты көршісінің иті талаған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cHmk6GXThLQ[/youtube]

Шымкент қалалық ішкі істер қызыметкерлері жануарларды күтіп ұстау ережесін бұзған азаматарға өткен жылы 126 мың теңге айыппұл салса, биыл 864 мың теңгеге әкімшілік шара көрілген. Ал жыл басынан бергі он айда 22 мыңға жуық ит-мысық ауланып, арнайы шұңқырға көмілген екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xLFbe5a7VYU[/youtube]

Қорыта айтқанда қаңғыбас ит-мысықты аулау жұмысы жалғасады. Қалаға жаңа елдімекендердің қосылуына байланысты ит аулайтын 6 топтың жұмысы көбеймек. Алдағы екі айда 4 мың қалада қаңғып жүрген иттерді аулап жоспарланып отыр.