Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған жігіт құтқарылды

284

Шымкенттің құтқарушылары суицидтің алдын алды. Айдың күннің аманында 36 жастағы қала тұрғыны өзіне өзі қол жұмсамақ болыпты. Құтқарушыларға күндізгі сағат 14:36-да бұл жігіттің келіншегі хабарласып, көмек сұраған.

000

Келіншектің айтуынша, күйеуі пәтердің есігін құлттап алып, ешкімге ашпай жатыр. Тіпті, тамырын да кесіп жіберіпті. Оқиға орнына келген құтқарушылар пәтердің есігін бұзып ашуға кірісті.

Ал құтқару жасағының психологы Клара Үсенова ер кісімен сөйлесіп, оны тыныштыруға тырысты. Оның айтуынша, өзіне өзі қол салуына ешкімге қажет емес екенін, жалғыз қалғанын сезінген соң барыпты. Әйелінің айтуы бойынша, күйеуі бұған дейін де өз өміріне қауіп төндірмек болған екен.

Келеңсіз жағдайдың соңында құтқарушылар ер кісіні жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Олар жүйкесі сыр берген азаматты тексеруге алып кетті.