Алғашқы қардың салдарынан автобустар азайып кетті

240

Алғашқы жауған аз ғана қардың ызғарына көп көлік шыдас бере алмай қалды. Шаһарда бағытқа шығуы тиіс автобустардың дүйсенбі күнгі суықта 75-80 пайызы ғана қызмет көрсеткен. Бүгін қала әкімдігі көлік компаниясы өкілдерін жинап, қысқы суықтарда жолаушылар қауіпсіздігін қатаң сақтауға тапсырма берді.

002

Ең бастысы — автобус иелері көліктердің дөңгелектерін алмастырып, салонның жылылығын қамтамасыз етулері тиіс. Бұл тұсты тұтынушылар құқығын қорғау бөлімдері де өз бақылауларына алмақ. Қала басшылығы үшін енді көлік бағытын қадағалау қиынға түспейді, бағытқа шығатын автобустардың 85 пайызына арнайы GPS қондырғылары орнатылған дейді мамандар. Бүгінгі жиында келісім-шартта көрсетілген талаптарды орындамаған 15 көлік компаниясына ескерту берілді

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=n17XI9Gn3g8[/youtube]