Асанәлі Әшімов БАҚ өкілдерімен кездесті

346
Танымал актер жорналшылармен кездесті

«Қазақстан ұлттық киносының күндері» — Оңтүстікте. «Қыз Жібек» кинофильмінде Бекежанды, «Атаманның ақырында» Қасымхан Шадияровты бейнелеген Асанәлі Әшімов ағамыз Шымкентке келді. Оңтүстікке арнайы іс-сапармен келген танымал актер бастаған топ кеше шекарашылармен кездескен.

Бүгін жорналшылармен бас қосты. Жиында өнер майталманы «Жаушы», «Нан дәмі», «Қазақы оқиға», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» және көп сериялы «Бұлғарлар туралы баян» фильмдерінің түсірілуі мен ондағы кадр сыртындағы қызықтармен бөлісті. Бұл іс-сапардың қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Шәкен Аймановтың 100 жылдығы құрметіне арналғанын айтты.

Танымал актер жорналшылармен кездесті
 

Қазақстанның халық әртісі кино әлемінің қызығы мен шыжығын бұл жолы жорналшылар алдында әңгімеді. Актердың өзі басқосуға келісімен БАҚ өкілдерінен бір отбасыдай, еркін тілдесуді сұрады. Мұндағы мақсаты — төртінші билік өкілдерінің өзі ғана емес, қазақ киносы туралы ойын бүкпесіз білу болса керек. Қазақ кино саласының даму деңгейін тарзылай келе, режиссер осы іс-сапарды ұстазы Шәкен Аймановтың құрметіне арнайтынын мәлімдеді. Және оның ерге бергісіз ерекшеліктерін айтты.

Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов

Асанәлі Әшімов, ҚР Халық әртісі: «Өмірге келгелі бері Шәкен Аймановтай адамды көрген емеспін. Әлі кездестірген жоқпын. Табиғи талантын айтпағанның өзінде барлық жағынан хабардар болып жүретін. Бірақ ешқандай газетті немесе кітапты шұқшиып оқып отырғанын көрген емеспін. Шетелдерге барғанда сол жақтың өнер иелерімен кәдімгідей, сол ортаның барлығынан хабардар болып әңгімелеседі. Таң қалатынмын. Заман көшінен ілгері болып жүретін көшбасшылығы бар еді.»

 

Естік сурет
Естелік сурет

Айта кетейік, Қазақстан кинематографияшылар одағынан және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясынан құралған топ алдағы күндері еліміздің бар өңірлерінде осындай кездесу шараларын өткізуді жоспарлап отыр.