«Атлант» сауда үйі тұтынушыларына тосынсый әзірледі

1015
"Атлант" сауда үйі жаңа түсімдермен толықты

«Атлант» сауда үйі тұтынушыларына қуаныш сыйлап отыр. Мұнда жаңадан жеткізілген тауарлар бар. Белгілі «Гефест» және «Хитачи» компанияларының соңғы үлгідегі газ плиталары мен мұздатқыштары жеткізілді.

"Атлант" сауда үйі жаңа түсімдермен толықты

«Гефест» компаниясының алыстан-ақ көз сүрінетін сәні мен сапасы сай өнімдері Шымкентте де саудаланып жатыр. Жаңа техникалармен танысу үшін мұнда күн санап келушілер саны да артып келеді. Бүгінде «Атлант» сауда үйіне «Хитачи» компаниясының су жаңа мұздатқыштары да әкелінген. Мұздатқыштың көлемі қалыпты болып көрінгенімен, сыйымдылығы үлкен. Келбеті де сүйкімді. Ашық және қою түсті үй жабдықтары асхананың да сәнін ашады. Көңіліңізді көтереді. Суық ауа райында үйіңізіге жылылық сыйлайды.

Заманауи плиталар
Заманауи газ плиталары

"Гефесттің" су жаңа плиталары

Абай Темірбаев, «Атлант» сауда үйі директорының орынбасары: «Бізде әрдайым жаңа түсімдер бар. Мысалы, плиталардың және мұздатқыштардың 100-ден астам түрі бар. Барлығы да соңғы үлгілер. Клиенттеріміз өздері іздеп келіп, сатып алады. «Атлант» сауда үйі нарықтан өз орнын тапқан. Бүгінге дейін бірде-бір тұтынушымыз шағымын айтып келген емес. Бұл біздің дүкеннің үздік қызметін дәлелдесе керек».

Плиталардың 100-ге тарта түрі бар

Gefest «Асханалық плита» номинаяциясы бойынша «Белорусь халқының үздік өнімі – 2014» мәртебесін жеңіп алған. Дәл осы мәлімет Медеттің таңдауына сеп болды. Жас жігіттің айтуынша, оның анасы ас дайындауда кез келген шебер аспазды басып озады. Сондықтан асхананың заттары да жоғары деңгейде болуы маңызды.

Медет Байбосын, тұтынушы: «Анамның мерейтойына сыйлық іздеп жүрмін. Мұнда таңдау кең екен. Қаламыздағы бірде-бір дүкеннен осыншалықты плиталарды көрмедім».

Ашық түсті мұздатқыштар

Медеттің ұзақ әрі жіті таңдауы «Атлант» сауда үйінің жаңа көп құзырлы, бес көзді плитасына түсті. Бұл құрылғыға уақыт өлшеуішінен бөлек электрлі тұтандырғыш пен деңгейлі жарықтандырғыш орнатылған. Плитаның 6 бірдей таяқшалы айналмалы құрылғысы да бар. Енді Медет үшін кәуап дайындаудың да қиындығы тумайды. Тұтынушалардың үлкен қызығушылығына ие болып отырған плита үй жағдайында қолайлы және бағасы да қолжетімді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-fTpDOOjwbc[/youtube]

Сапасына бағасы сай өнімді жиһаздар бөлімінен де табуға болады. Ресейлік кәсіпорындардың заманауи үлгідегі әмбебап жиһаздары кез келген үйдің ажарын ашады. Бұны иемдену үшін қолма-қол ақша әкелу міндетті емес, мұнда несие беру қызметі де қарастырылған. Бұл қызмет небәрі 15 минут уақытыңызды алады. «Атлант» сауда үйі Сіздің баспанаңыздың сапалы техникалар мен әдемі жиһаздарға толғанын тілейді.