Бәйдібекте жел электр станциялары салынады

909

Индустрияландыру картасы аясында Бәйдібекте травертин тасын өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы аудан әкімі Батырбек Көшербаев журналистерге берген баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 19 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,2 пайызды құраған.

001
Бәйдібек ауданының әкімі — Батырбек Көшербаев (оң жақта)

Ауданда өнеркәсіпті дамыту мақсатында екі бағытта жұмыстар жүргізілуде. Бірінші бағыт — индустриялды аймақ құру. Ол үшін Боралдай ауылдық округіне қарасты Жыланды елдімекенінен 21 га жер белгіленген

Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес «Арт Құрылыс» ЖШС жұмыстар атқаруда. Инфрақұрлымына бөлінген 344 миллион теңгенің жыл соңына дейін 265 миллионы игерілетін болады.

2016 жылға индустрияландыру картасына травертин тасын өндіретін «doStarTas» ЖШС-і жобасы енгізілді. Жобаның құны 500 миллион теңге. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Сондымен қатар құрылыс заттарын шығару бойынша «Сапа Шымкент» ЖШС (жоба құны — 150 миллион теңге) жобасы енгізілуде.

003

Ал екінші бағыт — аудан аумағынан жел электр станцияларын салу. Бұл іс бойынша Жүзімдік ауылының маңынан 1585 га жер бөлінген. Қуаттылығы 100,5 мВт болатын жобаның құны — 37,5 милиард теңге.

Ал қуаты 42 мВт, құны 11,6 миллиард теңге болатын жобаға Шақпақ ауылының маңынан 500 га жер қаралған. Жүзімдік ауылының маңынан 700 га жер бөлініп отыр. Ол жобаның құны — 12 миллиард теңге, қуаты — 40 мВт. Қазіргі уақытта мамандар зерттеу жұмыстарын жүргізуде,

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі