Шымкентте екі бірдей базардан өрт шықты. Келеңсіз жағдай бір түнде орын алған. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ.

002 (1)

Алдымен түнгі сағат екіге жетпей «Автонұр» сауда орнынан суыт хабар келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілердің 5 техникасы мен 27 қызметкері жұмылдырылды. Бұл уақытта 300 шаршы метрлік нысанның 8 шаршы метрі өртке оранып үлгерген екен. Онда кебіс-мәсілер сақталған болып шықты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hrZDAnOUcDU[/youtube]

Жедел әрекетке кіріскен өрт сөндірушілер 40 минуттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Абырой болғанда, қызыл жалыннан зардап шеккен ешкім жоқ. Ал шығын көлемі есептелініп жатыр. Осыдан соң араға 3 сағат салып, «Алаш» базарынан қоңырау келіп түсті. Онда азық-түлік қоймасы өртке оранғаны туралы хабарланған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WkSz1qsoAFA[/youtube]

Тілсіз жау «Алаш» базарындағы № 49 қойманы шарпыған екен. Ондағы 59 шаршы метр жер өртеніп кеткен. Құдай сақтағанда бұл өрттен де зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің неден шыққаны және шығын көлемі анықталу үстінде.