«Ладушки» кондитерлік дүкендер желісі Құрбан айты қарсаңында Шымкент тұрғындарын құттықтай отырып, ерекше сый жасады. Мерекелік дастарханыңыздың мол әрі түрлі тағамдарға толы болып, уақытты үнемдеу үшін мерекелік тағамдардың бірнеше топтарын, тәттілердің жаңа түрлері мен бауырсақтардың түр- түрін ұсынады.
«Ладушки» кондитерлік дүкендер желісінің технологы Бахытгүл Жылқыбаев бізге тағамдар мен тәтті күлшелердің, бауырсақтардың жаңа түрлері туралы айтып берді:
«Құрбан айты мерекесінде әр үйде бауырсақ міндетті түрде пісіріледі. Алайда уақыт таппай немесе тәтті бауырсақтан дәм татқыңыз келсе, «Ладушки» дүкендер желісіне келіңіз. Мұнда мерекелік дастарханның сәні — бауырсақтың бірнеше жаңа түрі бар. «Наурыз», мерекелік, фирмалық бауырсақ пен шелпек, «Апамның бауырсағы» мен қаттамалар бар. Жаңа «Апамның бауырсағы» сіздерге әжелеріңіздің тәтті бауырсағының дәмін сыйлайтынына сенімдіміз. Сондай-ақ, қабатты қамырдан әр түрлі дәмдер салып пісірілген шағын самсалар және тәтті күлшелер, фуршетті самсалар мен тауық, сиыр еті мен картоп қосылған күлшелер де тұрғындардың көңілінен шығатыны сөзсіз.»
Алмалы, малиналы шағыни штрудельдер мен круассандар, қара өрік қосылған қаттама ватрушканың дәмі де таңдайыңыздан кетпес. Сондай-ақ, жаңғақ пен өрік қосылған шақ-шақ та дастарханыңыздың сәнін кіргізері сөзсіз. Немесе сәукеле бейнесіндегі бұл тәттіні туыс, достарыңызға да сыйлауыңызға болады. Ал жаңа өнім — дайын қорапшадағы тәтті күлшелерді де сыйлауға, қонаққа апаруға немесе дастарханға қоюға болады.
Бір айта кетерлігі, бұл тәттілерді өз үйіңізде де пісіруге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін «Ладушки» дүкеніндегі самсалар мен тәтті күлшелердің мұздатылған жартылай дайын үлгілерін сатып алып, қалаған уақытта пісіріп, ыстықтай дастарханыңызға қойып, ұл-қыздарыңызды қуанта аласыз.
«Ладушки» дүкендер желісі қыз-келіншектерге осылай көмек қолын созуда. Сондай-ақ, кез келген дәмді әрі бағасы көңілге қонымды тәтті нандарды сатып алуға немесе алдын ала тапсырыс беріп, үйге жеткізіп беру қызметін пайдалануыңызға мүмкіндігіңіз бар. Құрбан айттарыңыз қабыл болсын!