Шымкенттің мектептерінде балалардың денсаулығына қауіп төндіретін бірқатар кемшін тұстар анықталды. Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жоспарлы тексеру кезінде қаламыздағы білім ұяларының 70 пайызының сыныптарында жарықтандыру жеткіліксіз деп тапқан. Парталар да төмен, электрмагнит аумағының да қуаты жоғары екенін анықталыпты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xrdP_qs7bk8[/youtube]
Тексерудің келесі аялдамасы — №78 мектеп болды. Мұнда да шұғыл тексеру шаралары жүрді. Мамандар бөлменің жарықтандырылуын арнайы құралдар арқылы бақылады. Электрмагниттік толқынның қуаты ойдағыдай деп табылғанымен, тексерушілер сыныптағы парталар пәс және жарық көлемі аз екенін мәлімдеді.
Меруерт Серікбаева, тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы: «Үлкен кемшін жағдайлар анықталса, онда 1 аптаға дейін уақыт беріледі. Егер көрсетілген мерзімде талап орындалмаса, міндетті түрде айыппұл салынатынын ескертеміз. Ал бұл кемшіліктер балалардың денсаулығына өте зиян, сколиоз, түрлі көз аурулары туындайды».
Мамандардың сөзіне сенсек, мұндай талаптардың бұзылуы балалардың денсаулығына қауіпті. Сколиоз дертін қоспағанда ағза әлсіреп, оқушының көру қабілеті нашарлауы мүмкін. Айт акетейік, соңғы 6 айдың ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 716 жоспарлы тексеру жүргізген. Нәтижесінде 400-ге жуық мекемеге әкімшілік айыппұл салынған. жиырмасын жабу туралы шешім шығыпты. Ал білім ұяларының 154 директоры талаптарды бұзғаны үшін ескерту алған.