ОҚММФА ұжымы қарттарды құрметке бөледі

481
Жастар концерттік бағдарламасын ұсынды

«Үлкенге — құрмет, кішіге -ізет». Бүгін Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясының ұжымы қарттар мен мүгедектер үйіне барып, концерттік бағдарламасын ұсынды. Сыйларын табыстады. Көңілі жарым қарияларды бірауық құрметке бөледі.

Надежда Пугачева Надежда әжей биыл жүзге толды. Мерейтойымен құттықтау үшін Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық академиясының ұжымы оның халін сұрап, арнайы келген. Қонақтар жасы ғасырды алқымқаған қарияға мерекелік сый-тартуын ұсынды.

Надежда Пугачева, зейнеткер:»Сыйлықтарын арқалай келіпті. Тәрбиелі жастарды көріп, қуанып отырмын. Менің қазіргі жалғыз арманым — осы жастардың өмірі тыныш болып, баршасы бақытты өмір сүрсін! Елдің болашағына үлестерін қоссын!»

Қарттар үйінің тұрғындары үшін мұнда нағыз мереке. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ұжымы 65 бірдей қарияға сыйлықтарын табыстады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Tj10pCt9o4c[/youtube]

Қарттар да қарап қалмады. 70 желкелеген Бүркітбай қария қонақтарға сыйға сый ұсынып, ақ батасын жолдады.

Мамырбеков Бүркітбай, зейнеткер: «Өмірдің, тағдырдың ащы арнасы арқылы осы қарттар үйіне келдік. Бірақ бұл қайғыны бір сәтке болса да бүгін ұмытқандаймыз. Себебі жастар келіп, өнерлерін ұсынып, ән айтып, бізге қуаныш сыйлады. Алғысым шексіз, жастарға тек жақсылық тілеймін!»

Жастар концерттік бағдарламасын ұсынды

Қарттардың жағдайымен танысқан жоғарғы оқу орнының жастары концерттік бағдарламасын ұсынды. Ән айтып, би биледі. Осылайша бірауық қазыналы қарияларды қуанышқа бөледі. Оқу орны басшылығының сөзіне сенсек, мұнда тәрбиелік мәні зор сағаттар қолға алынған.

Патриоттық әндер орындады

Қанапия Құдабаева, ОҚММФА кафедра меңгерушісі: «Бізде түрлі үйірмелер мен тәрбие сағаттары бар. Түрлі жобалар да басты назарда. Барлығының мақсаты — жастарды дұрыс жолға салу. Қарияларға деген құрмет пен сыйды үйретеміз. Себебі, тәрбиесіз берген білімнің соңы жақсы емес. Біздің оқу орны мейірімді, білімді дәрігерлерді тәрбиелеп келеді».

Айта кетейік, бүгінде облыстық қарттар үйінде 265 жан бар. Оның 110-ы — мүмкіндігі шектеулі жандар.