Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығындағы көрсемсурет студиясының оқушылары ұстаздарына ерекше сый жасады. Олар мұғалімдерін алдын ала суретке түсіріп, кейін айнытпай суреттерін салып, көрме ұйымдастырған.
!["Ұстаздар балалар көзімен "атты көрмесі](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/10/12-640x359.jpg)
Олар «Ұстаздар балалар көзімен» атты қөрмені ұстаздар мерекесіне арнап отыр.
![Биден сабақ беретін мұғалім](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2014/10/32-640x359.jpg)
Осылайша шәкірттер ұстаздарына тосын әрі ерекше сый жасап, қуантуды ұйғарыпты.
Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығында жүзден аса үйірме жұмыс жасаса, көрмеге 150-дей мұғалімнің суреттері ілінген.
Оқушылар мұғалімдерінің бейнесін бейнелеуде олардың ерекшеліктерін, мінездерін, көңіл-күйлерін көрсетуге тырысқан.