Оңтүстік Қазақстан облысында өткен акция барысында тұрғындар ерікті түрде 400 данадан астам қару тапсырды. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаруды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында халықтан заңсыз сақталып тұрған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізілді. 2014 жылдың 21-сәуірінен бүгінгі күнге дейін оңтүстікқазақстандық 285 тұрғын ішкі істер органдарына өз еріктерімен заңсыз сақталып тұрған 418 дана қаруын, оның ішінде 2 ойық тапанша, 78 ойық ұңғылы мылтық және 338 тегіс ұңғылы мылтық қаруын тапсырған.
Солардың бір ғана мысалы. Ағымдағы жылдың сәуір айының екінші онкүндігінде Қазығұрт АІІБ-не Қазығұрт ауыл әкімшілігінің тұрғыны арызданып, заңсыз сақталып тұрған «Наган» маркалы калибрі 5.6 мм. тапаншасын сыйақы алу мақсатында өз еркімен ішкі істер органына тапсырған.
Акция басталғалы ерікті түрде қарулары мен оқ-дәрілерін ішкі істер органдарына өткізген 248 азаматқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 17-сәуіріндегі «Ақы төлеу тәртібі» қаулысына сәйкес жалпы сомасы 14 миллион теңге төлемақы төленді.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғындардың қолында қару-жарақ неғұрлым аз болса, соғұрлым өңiрде жасалатын қылмыстардың саны азаяды деген үмiтте. 2014 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында атыс қару қолданумен 63 қылмыс орын алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,6 пайызға азайған. (2013 жылы — 87 қылмыс).
Айналымда заңсыз жүрген 156 қару тәркіленіп, өткен жылмен салыстырғанда 26,1 пайызға төмендеген. (2013 жылы — 211). Оның ішінде: 3 ойық тапанша, 105 тегіс ұңғылы қару (оның ішінде 46 шолақ мылтық), 16 жарақат салатын, 9 газды, 12 газды-травматикалық және 6 қолдан жасалған қару тәркіленді.
Атап айтар болсақ, 2014 жылдың 7-шілдесі күні Бәйдібек АІІБ, прокуратура, орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара барысында 1984 жылы туылған Бәйдібек ата ауылының тұрғынынан заңды тіркеуде жоқ, маркасы «ТОЗ-97» ойық ұңғылы мылтығын тәркілеген.
2014 жылдың басынан бері азаматтық қаруды сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзған 961 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28,8 пайызға азайған. (2013 жылдың 9 айында — 1350).
Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары құқықбұзушыларға қатысты 956 хаттама толтырған, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзшылық туралы кодексінің 368-бабы (Азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, беру немесе сату тәртiбiн азаматтардың бұзуы) бойынша-59 хаттама;
ҚР ӘҚтК 369-бабы (Азаматтық, қызметтiк қаруды, оған арналған патрондарды сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерiн бұзу) бойынша -560 хаттама;
371-баб — (Азаматтық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмдерiн не оны есепке қою ережелерiн бұзу) бойынша 337 хаттама толтырылған.
Оңтүстікқазақстандықтардың назарына! Үйде заңсыз қару-жарақ болған жағдайда оны ішкі істер органдарының кез келген аумақтық бөлімдеріне тапсыруға болады және ақшалай төлемақы алатыны жөнінде хабарлаймыз.
Азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қарулары мен оқ дәрілерге, жарылғыш заттарға 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде сыйақы белгіленіп отыр. Заңсыз сақталған атыс қаруларды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар ешқандай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.