Облыстағы басқармалар біріктірілді

237

Облыстағы басқару жүйесін оңтайландыру мәселесі бірауыздан шешілді. Облыстық мәслихат сессиясында депутаттар облыс басшылығының ұсынысын бірауыздан қабылдады. Сөйтіп, бұған дейін облыс әкімдігіне қарасты 22 басқарма болса, енді олардың саны — 17. Бұл жөнінде облыс мәслихатының 31-сессиясында шешім қабылданды.

004

Сессияның қарауына ұсынылған 18 мәселе бұған дейін тұрақты комиссиялардың отырыстарында жіті талқыланғандықтан, депутаттар олар бойынша шешімді бірден қабылдады. Сөйтіп, тілдерді дамыту мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар білім басқармасына біріктірілсе, дін істері ішкі саясат басқармасына қосылатын болды. Жақында ғана құрылған туризм басқармасы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының ішіндегі бөлім болып қалады. Сонымен қатар жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы да энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының құрамына енбек.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LFqZ1Xx4qyg[/youtube]

Тағы бір жаңалық. Облыс әкімдігі жанындағы іскерлік кеңесінің дербес құрамына облыс мәслихатының үш депутаты енгізілді. Бұған қоса  атаулы дата да назардан тыс қалған жоқ. Биыл жергілікті жерлердегі мәслихаттардың құрылғанына — 20 жыл. Атаулы датаға орай өңірдің өркендеуіне үлес қосқан облыс әкімінен бастап облыс мәслихатының 50 депутатына медаль табыс етілді.

005