Сарыағашта мұғалім мен ата-ана оқушыны сабап тастады

471
таяқ жеген оқушы он күннен бері сабаққа бара алмай жатыр

Сарыағашта мұғалім өз оқушысын сабақ үстінде сабап тастаған. Екі шәкірттің арасындағы келіспеушілікке ата-ана мен сынып жетекшісі араласып, соңы бітпес дауға айналып отыр. Оқушылар алдында оғаш қылық көрсеткен ұстаз, тіпті, мектеп басшылығының шарасынан да қаймығар емес.

таяқ жеген оқушы он күннен бері сабаққа бара алмай жатыр
таяқ жеген оқушы он күннен бері сабаққа бара алмай жатыр

Балалар арасындағы ұсақ-түйектен басталған дау-дамай ата-аналардан асып, мұғалімдерге де жеткен. Мына суреттер кішкентай Ақеркенің ата-ана мен ұстаздан таяқ жеген күні түсіріліпті. Орнынан тұра алмай қалған қызының ауыр ахуалын мектептегілерге жеткізгісі келген анасы әдейі түсіріп алған. «Басқасы-басқа, сынып жетекшісінің қаршадай қызды таяқтап тастағаны жаныма қатты батып кетті» дейді анасы.

Бүкіл сыныптастарының көзінше өз оқушысына қол жұмсаған ұстаз болған оқиғадан кейін ауруханаға жатып қалған. Мектеп басшылығы қоқан-лоққы жасағысы келген әрекеті дейді мұнысын. Оқушылардың алдында оғаш қылық көрсеткен мұғалім сөгіс алып, даярлық тобына ауыстырылған. Алайда бұйрықпен келіспеген ұстаз өз білгеніне салып, біраз өзеуреген көрінеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zjsyerlDyLE[/youtube]

Ауыр соққы алған Ақеркенің төсек тартып жатып қалғанына оншақты күн өтті. Дәрігерлер нақты диагноз қоймаған. Жеті жасар қыздың басы қысып, белі сыздап ауыратын көрінеді. Беті бері қараған күнде де мектепке жіберуге қорқып қалдық дейді анасы.