Шардарада жем шығарылады

340

Шардарада мал азығын дайындайтын, елімізде баламасы жоқ заманауи кәсіпорын іске қосылды. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілген кәсіпорында табиғи таза биологиялық жем шығарылады.

002+

Бүгінгі заманның талабы – озық технологияларды өндіріске енгізе отырып, өнімділікті арттыру болып табылады. Биожем шығаратын заманауи қондырғы Еуропа пен Америка елдерінің талай жылғы тәжірибесін зерделеудің нәтижесінде іске қосылды. Еуропалық қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын жылына 730 тонна биожем шығара алады.

002

Бұл жердегі процес қарапайым. Ең алдымен арпа немесе бидайды өндіріп, жасыл желек жеті күн бойы жылы температурада оттегімен байытылған сумен қоректенеді. Осы уақыт аралығында бойы бір қарысқа дейін өседі.

Жалпы бір аптада биожем дайын болады. 176 шаршы метр аумақтан күніне екі тонна биожем шығады. Бұл жемді малдың шөбіне, басқа да азықтарына араластырып берсе болады. Есеп бойынша биожеммен қоректенген қарамалдың ет алуы — 30, сүті 20 пайызға артады.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі