Шаруа мен кәсіпорынға қолайлы келісім жасалды

384

Өткен жұмада облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Айталиевпен кездесті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ ОҚО филиалының төрағасы Алихан Ысқақов, салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдері, мақта шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

003

Кездесуде облыс әкімі жыл сайын мақта шаруашылығына байланысты түйткілді мәселелер туындайтынын, бұл өз кезегінде осы дақылды өсіріп баптаушы шаруалар мен мақта шикізатына тәуелді кәсіпорындар үшін едәуір қиыншылықтар туғызатынын айтты.

Облыс әкімдігі қалыптасқан жағдайды оңтайлы шешу үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингімен» келіссөздер жүргізіп, холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен ортақ келісімге келгендігін мәлімдеді.

003+

Бұдан былай осы ұйым жиналған мақтаны нарық белгілеген бағада сатып алып, тиісті кәсіпорындарға жеткізіп беретін болады. Жыл сайын бұл ұйым 23 мың тонна көлеміндегі мақта өнімдерін сатып алып, мақта өсіретін шаруалар мен шикізат жетіспеушілігін сезіп отырған кәсіпорындар үшін тиімді жағдай жасамақ.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі