Шымкент базарларын паспорттау аяқталды

471

Бүгін белгілі болғандай, Шымкент базарларын паспорттау жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 33 базардағы сауда жасаушылардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 20 пайызға өскені анықталды.

001

2011 жылы жүргізілген сараптау жұмыстары нәтижесінде Шымкенттегі базарларда сауда жасаушы адамдар саны 31 мыңды құраған екен. Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары базарда кәсіп еткендер санының өсуі жұмыссыздықтың кемуіне алғышарт дейді.

Алдағы уақытта қала аумағындағы базар саны тағы да көбеюі мүмкін. Себебі, Сайрам ауданынан үлкенді-кішілі 5 базар қала аумағына қосылады. Әзірге ол базарларда құжаттандыру жұмыстары жүргізілмепті.