Шымкент тұрғыны терең құдықта түнеп шықты

437

Шымкент тұрғыны келеңсіз жағдайға тап болды. «Самал» шағынауданының тұрғыны түн ішінде терең шұңқырға құлап қалған.

001

Шұңқырдың тереңдігі — 7 метр. Арнайы қазылып, жан-жағы бетондалған. Құлаған азаматша қараңғыда байқамай қалса керек. Зардап шеккен әйелдің даусын таңғы 6-дан асқанда далаға шыққан көршілері естіп, көмекке келеді. Дегенмен, терең шұңқырдан өздері шығарып ала алмаған соң құтқарушыларға хабар берген.

Төтенше жағдай департаментінің апатты-құтқару жасағының мамандары оқиға орнына жедел аттанады. Бұған қоса хабар бергендер жедел жәрдем дәрігерлеріне де қоңырау шалған болатын. Құтқарушылар әйелді арнайы альпинистік арқанның көмегімен сыртқа шығарып алды.

[youtube]http://youtu.be/RBzTn5llFK0[/youtube]

Құдай сақтағанда әйел аман. Аяқ-қолы да сау. Аздап денесін ауыртып, жаурап қалған екен.

Ал 112-орамның тұрғыны аяғын сындырып алды. Ол көлік жөндейтін арнайы шұңқырға құлап қалған.

000

Абырой болғанда бұл кісінің қалтасында ұялы телефоны бар екен. 112 нөміріне өзі қоңырау шалып, құтқарушыларды көмекке шақырады. Дәрігерлер алдымен зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсетіп, аяғын орайды. Одан кейін құтқарушылар үй иесін далаға алып шықты.