Шымкентте Құрбан айты қарсаңында қайырымдылық жасалып, автобустар тегін жүреді

255

«Кең болсаң, кем болмайсың!» Шымкенттің жомарт жандары қайырымдылық жасады. Құрбан айты мерекесіне орай қалалық әкімдіктің ұйытқы болуымен шымкенттік 1000 отбасыға ұн және өсімдік майы таратылды. Сауапты іс жасап, көптің алғысын алғандардың қатары биыл бірнеше адаммен толығып отыр дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек.

Осы тұста тағы бір жағымды жаңалық. Шымкент қаласында мереке күндері автобуспен тегін жүруге болады. Қалалық мешіт имамдарының ұйтқы болуымен № 69, 111, 103, 89, 42, 135 бағыттағы қоғамдық көліктер айт күні жолаушыларды тегін тасымалдайды. Сондай-ақ, қалада орналасқан мешіт алдына жамағатты екі такси тегін жеткізетін болады.