Шымкентте талантты бүлдіршіндердің басын біріктіретін облыстық балалар романсиадасы байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін өнер сайысына өткен жылы 40-қа жуық бала қатысса, биыл 20-дан аса үміткер өтініш білдіріпті. Үміткерлер екі ән орындады: біріншісі — романс, екіншісі — кез келген тақырыптағы қазақ композиторларының әні.
Ж. Омарова атындағы балалар саз мектебінде өткен байқауға қатысушылардың дені арнайы вокалдан сабақ алатын, саз мектептерінде біліп алатындар.
Қазылар алқасы жеңімпаздарды кіші және орта топ, яғни, екі жас кезеңі бойынша анықтады. Бұл облыстық байқаудың жеңімпаздары алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейде өтетін жарыстарға жолдама алатын болады.