мал басы артып отыр

Шымкентте мал шаруашылығы өрістей бастады. Қалаға жаңадан қосылған елдікемендердегі шаруа қожалықтарының есебінен бүгінде мал басы артып отыр. Бордақылау алаңдары көбейіп, ірі қараға да бетбұрыс бері қарап келеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=WFBuYoa7F4E[/youtube]

мал басы артып отыр
мал басы артып отыр

Жауапты мамандар мал шаруашылығы осы қарқынын жоғалтпаса, облысты етпен қамтуға Шымқала шаруашылығының әлеуеті жетеді деп сендіреді.

Осыдан 4 жыл бұрын кішігірім бір қорада 90 бас ірі қараны семіртуді бастаған «Рау» шаруа қожалығында қазір 500-ге тарта ірі қара мал бордақыланып жатыр. Жергілікті тұқымдардан мұнда Солтүстіктен сатып алынған ақбас, швед сиырлары да бапталуда. Мал басын тағы 300-ге арттыру жоспары тұр.

Жеңілдетілген несие – мал бордақылауды қолға алған шаруа қожолық иелерінің барлығына дерлік ортақ арман. Салаға тиесілі мемлекеттік қамқорлық артса, еп-септі шаруалар Шымқаланың жайлы ауа райында бұл саланы ұршықтай иіріп әкетпек.