Шымкентте тұмауға шалдыққан адам жоқ

304
Әзиза дәрігердің көмегіне жүгінді

«Шымкентте тұмау дертіне шалдыққандар жоқ. Есесіне өткір респираторлы вирустық инфекцияны жұқтырғандар қарасы қалың». Облысымыздың ақ халаттылары осылай деп мәлімдеді.

суық тиіп, емханаға келушілер көбейген

Айтуларынша, өңірімізге аязды күндер ақ қарды ғана әкелген жоқ, ауруханаға тұмау дертіне күмәнмен барушылардың қатарын арттырған.

Әзиза дәрігердің көмегіне жүгінді

Әзизаға суық тиген. Бойжеткен дерттің белгілерін кеше байқапты, Дене қызуы көтеріліп, мұрны біте бастаған. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар оның әрбір 3-ші әріптесінде кездесіп жүрген көрінеді.

Наталья Клевцова
Наталья Клевцова

Әзиза Айнабек, науқас: «Денемнің қызуы көтерілді, ештеңе түсінбей қалдым. Басым ауырып, тамағым ауырды. Енді дәрігерлердің көмегіне жүгініп отырмын».

Әзиза өз-өзіне диагноз қойып та үлгерген. Оның ойынша, бұл — кәдімгі тұмаудың белгілері. Бірақ 15 күн бұрын осы дерттің алдын алу үшін бойжеткен екпе салдыртқан. Дәрігерлердің айтуынша, 2 аптаның өзінде иммунитет жоғарылап, тұмауға қарсы тұру қауқары пайда болуы тиіс. Сондықтан ақ халаттылар мұндай белгілер тұмау емес, кәдімгі суық тиюдің бастапқы кезеңі деп отыр.

Наталья Клевцова, Шымкент қалалық №5 емханасының инфекционист-дәрігері: «Тұмау мен суық тиюдің айырмашылығы үлкен. Сондықтан оларды шатастырып қорқудың қажеті жоқ. Тұмауды анықтау бұл белгілермен шектелмейді, арнайы зертханалық тексеру қажет.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6OGO2TUqw9E[/youtube]

Тұмау дерті деген диагнозды қою үшін оның белгілері байқалады. Мәселен, бас ауырып, жөтел қысады. дене қызуы жоғарылайды. Бүгінде осындай шағыммен дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің қатары артқан. Бірақ дәрігерлер тексере келе бұл тек суық тиюден туындаған деп отыр. Ақ халаттылардың сөзіне сенсек, қаламызда тұмауға шалдыққан науқас әзірге жоқ. Және олар тұмаудың алдын алу үшін 1-желтоқсанға дейін екпе жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.