Шымкентте жер сілкінді. Алдымен Алматыдан 586 шақырым қашықтықта жер сілкініп, 2 балдық жер асты дүмпуі Шымкент қаласында сезілген.
Бұл туралы сейсмикалық стансалар желісі хабарлайды. «27-қазан күні Алматы уақыты бойынша сағат 14:01-де жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырым жерде орналасты» делінген хабарламада.
Энергетикалық санаты — 9.1. Магнитудасы — MPV 3.9. Тереңдігі – 5 шақырым. Шымкент қаласында сезілген жер асты дүмпуінің күші 2 балды құрайды.