Шымқаланың тұрғындары бір аптадан бері қала күнін кең көлемде тойлады. Жалпықалалық сенбіліктен бастау алған мереке Әл Фараби алаңында қорытындыланды.
Мерекелік кеш алдымен флешмобпен басталды. Оған студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Шараға 200-ден астам жас жұмылдырылды. Олар бірдей қимыл жасай отырып, би биледі.
Одан соң мың бұралған бишілер кештің сәнін кіргізсе, сазды оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқаған әншілер көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Шымқаланың туған күнініне арналған мерекелік бағдарламалардың ауқымы кеңейе түсті.
Тағы бір шеруде алма, алмұрт, алша, қауын-қарбыз, болгар бұрышы, баялды, асқабақ «сап түзеді». Жеміс-жидектердің кейпіне енген мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік сала мамандары Тәуке хан және Республика даңғылдарымен, Айбергенов көшесімен жаяу жүріп өтті.
Орталық алаңға жеміс-жидектер шеруі ғана емес, жалпы орта мектептің ұстаздарының қолдан жасаған бұйымдары да көрік қосты. Гүлдер көрмесін қала әкімінің өзі аралап көріп, оң бағасын берді.
Жанды дауыстағы ән кешін сүйер қауым үшін Қазақстан өнер жұлдыздарының шоу-концерті ұйымдастырылды.
Жезтаңдай әншілердің өнеріне қанып қайтқан көрерменнің есінде бұл кеш ұзақ қалатыны сөзсіз.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ho2RMVBCFO4[/youtube]