Түркістанда адам ұрлаған күдікті қамалды

373

Түркістан қаласында адам ұрлап, қамап, ұрып-соққан, қорқытып ас бермеген қаныпезер қамауға алынды. Бұл туралы Bnews.kz сайта жазады. Түркістан қалалық сотының судьясы Д.Бейсембекованың бас болуымен адам ұрлап, қамап, ұрып-соққан, қорқытып ас бермеген қаскөй қамауға алынды. Айыпталушыны ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігінің «а,з» тармақтарымен, 179-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен, 126-бабының 2-бөлігінің «а,в,г,з» тармақтарымен, 181-бабының 4-бөлігінің «б» тармағымен, 107-бабының 2-бөлігінің «г» тармағымен және 112-бабы бойынша қамауға алу туралы бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініші қаралды.

«Айыпталушы өз танысымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен пайдакүнемдік мақсатта адамды ұрлағаны, қарақшылық, яғни, бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасаған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен шабуыл жасағаны, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып, пайдакүнемдік мақсатта адамды ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айырғаны, күш қолданып, аса ірі мөлшерде қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлікті күш қолданумен алу мақсатында жәбірленушіні ұрып-соққаны, оны өлтіріп құртамыз деп қорқытқаны, екі күн тамақ бермей, үстінен мұздай су құйып, тән зардабын келтіргені үшін айып тағылған» деп хабарлайды Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметі. Сонымен, сот айыпталушыны 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасына санкция беруге қаулы етті.