Түлкібас ауданының бірқатар ауылдарында жаңа нысандар ашылып, халық игілігіне берілді. Соның бірі — Кемербастау ауылында полиция пункті салынып, салтанатты түрде ашылды. Нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 3 миллион 200 мың теңге бөлінген.
Сонымен қатар Жабағылы ауылында 34 миллион 275 мың теңгеге мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мәдениет үйі барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Сол күні аталған ауылда облыстық бюджеттен 224 миллион теңгеге жаңа балабақшаның қазығы қағылды. Құрылысты мердігер «Үйтас» ЖШС атқармақ. Балабақша келер жылы балаларға есігін айқара ашады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Жабағылы ауылында балаларға арналған балалар алаңшасы да пайдалануға берілді. Балалар алаңшасының құрылысына аудандық бюджеттен 6 миллион теңге бөлінген. Аталған жаңа нысандардың ашылуында аудан әкімі Қ.Абдуалиев, облыстық мәслихаттың депутаты К.Жартыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев сөз сөйлеп, халықтың қуанышымен бөлісті.
Дереккөз: Түлкібас аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі