Таныстарын тақырға отырғызған адам ұсталды

253
Фотосурет интернеттен алынды

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 45 жастағы алаяқты қолға түсірді. Шымкент қаласында жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары алаяқты тұтқындады.

Фотосурет интернеттен алынды
Фотосурет интернеттен алынды

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қолға түскен күдікті баспана және басқа да мәселелерді шешіп беруге өз қызметін ұсынып, алаяқтық жолмен жергілікті азаматтардан 8 миллион теңге көлемінде ақша алып кеткен.

2014 жылдың 25-қазанында Шымкент ҚІІБ Еңбекші полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық жайт бойынша арызданған. Оның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында өзінің танысы сеніміне кіріп, пәтер алуға көмектесетінін айтып, одан бернеше рет ақша алған. Жәбірленушіден жалпы көлемі шамамен 7,5 миллион теңгесін алған күдікті соңында ізін суытқан.

Тағы бір жағдайда күдікті өзге жәбірленушіге дүкеннің құжатын дайындауға көмек берем деп, одан 300 мың теңгесін алып, хабарсыз кеткен.

Қазіргі таңда, полиция қызметкерлерлері күдіктігің 3 алаяқтық жайтқа қатысы бар екенін анықтады. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 177 бабы — «Алаяқтық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.