Сегіз жастағы Миша мен бес жасар Яна кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына осыдан 30 күн бұрын түскен. Екі балақайдың бірін әкесі іздеп келіпті. Қолында бірде-бір құжаты жоқ болғанымен, қызы әкесін таныған. Бірақ, баланы алып кетуге ыңғай танытпапты.
Еске салайық, Яна мен Миша көршілерінің арызымен кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу орталығына түскен. Жалдамалы пәтерде үнемі жалғыз қалатын балдырғандардың анасы оларды тастап кеткен болатын. Үй шаруасын өздері атқарып, өздері тамақ істеп ішетін балдырғандарды учаскелік полиция инспекторы осында алып келген.
Мишаның мектепке барсам деген арманы осы орталыққа келгелі орындалған. Ол қазір мектептке даярлық тобында оқып жүр. Енді екі айда аналары табылмаса, балдырғандар жетімдер үйіне аттандырылады. Өйткені оларды бейімдеу орталығында үш айдан артық ұстауға болмайды.